«Локомотив» футбол клубының аты «Астанаға» өзгерді
«Локомотив» футбол клубының аты «Астана» болып ауысты. Бұл туралы Қазақстанның Футбол федерациясынан хабарлады. |
ФК-ның атын өзгерту туралы шешімді клубтың құрылтайшылары 20 мамыр күні қабылдады. «Осыған орай, «Локомотив» (Астана) футбол клубының басшылығы премьер-лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесіне және тағы да басқаларға сондай-ақ, Қазақстанның Футбол федерациясында тіркелген қалған құжаттарға тиісті өзгертулер енгізуді сұрайды», делінген ҚФФ-дің хабарламасында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін