Лондонда қазақ күресінен «Болашақ Барысы» турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондонда қазақ күресінен «Болашақ Барысы» турнирі өтеді

Лондонда қазақ күресінен «Болашақ Барысы» турнирі өтеді

1 қарашада тұңғыш рет Лондон қаласында Қазақ xандығының 550 жылдығына орай,

  • 28 Қазан 2015
  • 385
Фото - Caravan.kz

Елбасымыздың «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген шетелдегі қазақ студенттерінің арасында қазақ күресінен «Болашақ Барысы» турнирі өткізіледі, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

1 қарашада тұңғыш рет Лондон қаласында Қазақ xандығының 550 жылдығына орай, Елбасымыздың «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген шетелдегі қазақ студенттерінің арасында қазақ күресінен «Болашақ Барысы» турнирі өткізіледі, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Турнирдің негізгі мақсаттарының бірі шетелде Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп, ұлттық құндылығымызды төл спортымыз қазақ күресін ағылшын халқына паш етіп, оның мәртебесін халықаралық аренада өсіру, сонымен қатар жас ұрпақты отансүйгіштік сезімге баулу арқылы еліміздегі салауатты өмірді қалыптастыруға бағытталған саясатты жүзеге асыру болып табылады.


Бұл турнир «Қазақстан Барысы» дамыту қорының қолдауымен «ҚазАльянс» шетелдегі студенттер бірлестігі ұйымдастырып отыр. Аталған жарысқа Ұлыбританияның қалаларында білім алып жатқан қазақ студенттері күш сынамақ.

Шараға жергілікті ағылшындардан басқа, өзге ұлт өкілдері мен қазақ диаспорасы шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар