Лос-Анджелес бокс үшін соңғы олимпиада болуы мүмкін бе - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лос-Анджелес бокс үшін соңғы олимпиада болуы мүмкін бе

Лос-Анджелес бокс үшін соңғы олимпиада болуы мүмкін бе

«Jaidarman» жобасының жетекшісі, спорт жанашыры Есен Елеукен бокстың болашағына қатысты өз ойын айтты.

  • 17 Қараша
  • 237
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол “El sport” YouTube арнасына берген сұхбатында әлемдік ұйымдардағы кейбір мәселелер өз шешімін таппаса, Лос-Анджелес бокс үшін соңғы олимпиада болуы мүмкін екенін айтты.

”Бокс біздегі нөмірі бірінші спорт. Оның идеологиялық жағы да болды. Мысалы олимпиада чемпиондары елге келгенде оларды қалай қарсы алады?! Бұл бір бүкіл әлемге тарайтын пиар емес. Біз ананы жеңдік, мынаны жеңдік деп елдегі ішкі жағдай үшін жасалып жатқан дүние. Тіпті кейінгі кездері “ең бастысы өзбек ағайындардан жеңілмесек болды” деген түсінік қалыптасып кетті. Меніңше, бұл дұрыс емес. Біз көршілес, әсіресе бір туған елдермен барынша жақын қарым-қатынасты бастадық. Бұны басқа арнаға ауыстыру керек. Ол кісілердің жаттықтырушылары да кезінде біздің елдегі турнирлерге қатысып шыңдалғанын айтты. Тарихы да белгілі. Кішкентай ғана қаржы салып, оны таран-тараж қылмай, нақты жұмыс істеді. Соның арқасында кейінгі үш олимпиадада өздеріне керек нәтижені алды. Біз қазір жағаласып, олардан “асуымыз керек” дегеніміз бекер болады. World Boxing-ке басшылар келсе, оған жол бермеуі тиіс. Бірақ бұл ары қарай дендеп, кіріп кеткен. Оның технологиясын, қалай жұмыс істейтінін екі жақта біліп отыр.

Маған ең ұнамағаны — Ливерпульдағы әлем чемпионатында екі елдің алтынды бөліп алуы. Өкінішті… Біздің балалар да мықты. Бірақ көзбе-көз кейбір кездесулерді тартып алып, басқаларды жығып тастаған жағдайлар болды. Сол жағынан келгенде әуесқой бокстың ары қарай таралуына сенімім аз. World Boxing жақсы жұмыс істеп кетсе, төрешілерді реттемесе, бұл ары қарай ушыға береді. Шынында да бокс үшін 2028 жылы Лос-Анджелесте соңғы олимпиада болуы мүмкін”, — дейді ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера