Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова World Boxing-тің “Жылдың үздік боксшысы” номинациясына ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова World Boxing-тің “Жылдың үздік боксшысы” номинациясына ұсынылды

Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова World Boxing-тің “Жылдың үздік боксшысы” номинациясына ұсынылды

World Boxing халықаралық федерациясы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткерлерді жариялады.

  • 22 Желтоқсан 2025
  • 10
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үміткерлер тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының екі боксшысы енді.

Ерлер арасында биыл әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Астанада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан номинацияға ұсынылды.

Ал әйелдер арасында Наталья Богданова үміткер атанып отыр. 2025 жылы ол әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында «1 лүпіл = 1 дауыс» ережесімен өткізіледі.