Жарияланды: 20

Макгрегор қазақстандық боксқа тамсанды

Макгрегор қазақстандық боксқа тамсанды

Конор Макгрегор қазақстандық ММА аралас жекпе-жек пен бокс туралы ойын білдіріп, Қазақстанға келуі мүмкін екендігін айтты.

Бұл туралы "Vestikzsport" Instagram парақшасында жарияланды. 

"Егер сіздер шақырсаңыздар, мен Қазақстанға барамын", - деді бұрынғы UFC чемпионы. 

UFC тұжырымының екі салмақ дәрежесі бойынша экс-әлем чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор Киевте (Украина) өткен баспасөз мәслихатына қатысты. 

Онда ол қазақстандық ММА аралас жекпе-жек пен бокс туралы ойын білдіріп, Қазақстанға келуі мүмкін екендігін айтты. 

"Мен қазақстандық ММА шеберлерін біле бермеймін. Алайда, Қазақстанда бокстың алатын орны айрықша феноменді мәнге ие және еркін күрес сияқты тарихы бай екенін жақсы білемін. Қазақстаннан келген бірде-бір файтермен кездеспеген екенмін. Бәлкім, мені шақырсаңыздар, Қазақстанға барып қалармын", - деді Макгрегор Vesti.kz тілшісінің сауалына жауап бере отырып. 

UFC-дің ең танымал жекпе-жек шебері, ирландиялық жұлдыз Конор МакГрегор Parimatch брендінің эксклюзивті арнайы шақырумен Украина еліне алғашқы рет келген екен. 

Еске сала кетейік, Макгрегор күресу үшін "торға" соңғы рет 2018 жылдың қазан айында шыққан болатын. Содан кейін ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтан жеңіліп, жекпе-жектен кейін істің акыры жаппай төбелеске ұласқан еді. Салдарынан екі спортшы да ұзақ уақытқа спорттан шеттетілген. 

Макгрегордың өзі ММА-дан кеткендігін мәлімдеді, бірақ кейін қайтып келуі мүмкін екеніне сыңай танытқан. Ирландиялық жалпы есепте 21 рет жеңіске жетіп, төрт рет жеңіліске ұшыраған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін