«Махмұд жаншып тастады»: Желіде Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырханның жекпе-жегі тарады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Махмұд жаншып тастады»: Желіде Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырханның жекпе-жегі тарады (ВИДЕО)

«Махмұд жаншып тастады»: Желіде Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырханның жекпе-жегі тарады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Сербияда өткен әлем чемпионатының алтын және күміс жүлдегерлері Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырханның бір бірімен өткізген ескі жекпе-жегі тарады.

  • 11 Қараша 2021
  • 355
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қос боксшы өткен жылы Қазақстан чемпионатының финалында кездескен. Қос мықтының ақтық сында бар өнерлерін паш еткенін көруге болады.

Бокс әлемінде Сербиядағы жарыстан соң танылған Махмұд Сабырханның сол кезден-ақ тамаша өнерін анық байқауға болады. Ең қызығы финалдық сайыста Сабырхан Бибосыновтан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанған. Әйтседе бапкерлер Токиодағы Олимпиадаға бәрібір екінші орын алған Сәкен Бибосыновты апарған еді.

Желідегі жекпе-жекті көрген көпшілік Махмұдтың өнеріне тәнті болды. Олар неліктен Олимпиадаға апармады екен деген сұрақ жаудырды.

«Махмұд сенсация, болашақ Әлем, Олимпияда чемпионы», «Сакеннің техникасына шүбә жоқ. Бірақ Сабырхан мінезді жігіт екен, нағыз өзбектерге қарсы қоятын боксшы, екі аяқты бір етікке тықты Сабырхан», «Сабырхан от екен, тек алға, осылай бокстасу керек», «Махмұд таза жеңді Сәкенді, жаншып тастады», «Екеуі де мықты», деп жазды желідегілер.


Еске салсақ, Сербияда өткен әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан 54 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

ВИДЕО мына сілтемеде:   https://youtu.be/6fFqipA3YgI

Соңғы жаңалықтар