Максим Баклашкин - студенттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері
![]() |
Қазақстандық Максим Баклашкин Польшаның Закопан қаласында өткен студенттер арасындағы коньки спортынан әлем чемпионатында 1500 метр қашықтықта қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Vesti.kz. |
Елордалық спортшы бұл қашықтықты 1 минут және 53,44 секундта еңсеріп, поляк Ян Шуманскиге (1:50,25) және норвег Эспен Твейтке (1:52,66) жол берді. Қазақстанның тағы бір өкілі Виталий Мальгинов 15-ші (1:58,34) болып келді.
Сондай-ақ Баклашкин 5000 метрлік қашықтықта 11-ші болды. Бұл қашықтықта қазақстандықтардан бесінші болып келген Никита Ставцев жақсы нәтиже көрсетті. Мальгинов - 12-ші, ал Максим Сергиенко - 13 орындарды қанағат тұтты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін