Жарияланды: 420

Манчестер ойыны кезінде Бекхэмді оның ұлы алмастырды

Манчестер ойыны кезінде Бекхэмді оның ұлы алмастырды

Манчестер командасының қатысуымен «Олд Траффорд» стадионында қайырымдылық матчы уақытында Ұлыбритания мен Ирландия құрамасының капитаны Дэвид Бекхэмді  оның ұлы Бруклин алмастырды.

Бұл туралы Bleacherreport жазады. Кіші Бекхем алаңға кездесудің 75-ші минутында шықты.

Көрермендер аға Бекхэмді алаңнан ерекше қошеметпен шығарып салғаны атап өтіледі. Екі ел құрамасын «Манчестер Юнайтед» бұрынғы бапкері Алекс Фергюсон басқарды. Оның командасының қарсыласы қалған әлемнің құрамасы болды.

Ойын  сэр Алекстің қамқорлығындағылардың жеңісімен (3:1) аяқталды. Голды  Пол Скоулз, Дуайт Йорк және Майкл Оуэндер соқты.

Матчты ЮНИСЕФ қоры ұйымдастырды. Матчтан түскен табыс барша әлем бойынша балаларға жіберіледі, деп хабарлады lenta.ru.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін