Мақсат Ережепов - Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақсат Ережепов - Азия чемпионы атанды

Мақсат Ережепов - Азия чемпионы атанды

Нью-Делиде грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтуде. Бүгін жарыстың алғашқы күні бірден бес балуанымыз тартысқа түсіп, ел намысын абыроймен қорғады.

  • 11 Мамыр 2017
  • 376
Фото - Caravan.kz

75 келіде қостанайлық Мақсат Ережепов қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, финалға шықты. Жерлесіміз алғашқы кездесуінде қытайлық палуанды бес ұпайлық әдіске керемет тасап, жеңіске жетті. Ал финалдық белдесуде Мақсат кореялық Даесунг Пакты ұтты.

Айта кетейік, Мақсат Ережепов Азия чемпионатының күміс жүлдегері және екі дүркін қола медаль иегері. Кадеттер және жасөспірімдер арасында Азия чемпионы.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Алмат Кебіспаев пен Дамир Күзембаев күміс жүлдегер атанса, Ерұлан Искаков қола жүлдені жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар