Жарияланды: 480

Маргарита Мацко СҚО-да бірінші болып 2012 жылғы Олимпиадаға жолдама алды

Жеңіл атлетші Маргарита Мацко Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) бірінші болып 2012 жылғы Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

«Мацко Азиялық гран-при сериясын жеңіп алып, солтүстікқазақстандықтардың ішінде бірінші болып 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына лицензияға қол жеткізді», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз хатшысы Дарья Тушина. Азия гран-приң Қытайдың үш қаласында – Джуахинг, Куншан және Вуджангта өтті. Жазғы Азия ойындарының чемпионы М. Мацко 800 м қашықтыққа үш рет жүгіріп, үшеуінде де мәреге бірінші болып жетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін