Мария Шарапова допинг үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мария Шарапова допинг үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді

Мария Шарапова допинг үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді

Ресейлік теннисші Мария Шарапова допингіге қарсы ережені бұзғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық тенис федерациясының (ITF) ресми сайтында хабарланды.

  • 9 Маусым 2016
  • 267
Фото - Caravan.kz

Наурыз айының басында Шарапова 2016 жылғы Австралия ашық чемпионаты кезінде алынған допинг-сынамасынан мельдоний табылғанын хабарлады. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан Бүкіләлемдік допингіге қарсы агенттік тыйым салынған затқа жатады. Ресейлік алдын ала 12 наурызға дейін жарыстардан шеттетілген болатын, деп жазады ТАСС.

.«ITF тәуелсіз трибуналы Шарапова допингіге қарсы ережелері бұзғанын анықтады, ол 2016 жылғы 26 қаңтардан бастап екі жылға біліктілігінен айырылды», — делінген хабарламада. Сөйтіп, 2018 жылғы 25  қаңтар ресейлік теннисшінің біліктілігінен айырылуының соңғы күні болмақ.

18-19 мамыр күндері екі күндік тыңдаулар өтті, ITF тәуелсіз трибуналы екі тараптың да дәлелдерін алды және заңдық дәйектерін тыңдады, қорытындысында бұл іс бойынша шешім қабылдады. Шарапованың Астралия ашық чемпионатындағы нәтижелері (спортшы  ширек финалда американдық Серена Уильямстан ұтылды — ТАСС-тың ескертпесі) жойылады. Теннисші турнирде тапқан жүлделік қаражаттарды қайтаруы тиіс, одан рейтингілік ұпайлар да алынып тасталады. ІТҒ регламенті бойынша, Шараповада шешімді даулауға 21 күні бар.

Спортшы Лозаннадағы Спорттық төрелік сотында ІТҒ шешіміне шағымданбақ.


29 жастағы Шарапова «Үлкен дулыға» сериясы турнирлерінің бес мәрте жеңімпазы, оның есебінде Федерация Кубогындағы жеңіс және Лондондағы олимпиадалық ойындардың күміс медалі бар. Жалпы алғанда, спортшы Әйелдер теннис қауымдастығының 38 турнирінде жеңіске жетті. 

 

Соңғы жаңалықтар