Мәскеуде жағажай волейболынан «Үлкен дулыға» сериясындағы әлемдік тур кезеңі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде жағажай волейболынан «Үлкен дулыға» сериясындағы әлемдік тур кезеңі өтіп жатыр

Мәскеуде жағажай волейболынан «Үлкен дулыға» сериясындағы әлемдік тур кезеңі өтіп жатыр

Мәскеуде жағажай волейболынан «Үлкен дулыға» сериясындағы SWATCH FIVB әлемдік тур кезеңі өтіп жатыр.

  • 13 Шiлде 2011
  • 408
Фото - Caravan.kz


11 шілде күні жалауын көтерген бұл дүбірлі додада ел намысын ерлерден Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко, әйелдерден Ирина Цимбалова мен Татьяна Машкова қорғады. Ирина мен Татьяна дәрежелік раундтағы алғашқы сында ұлыбританиялық Дэнис Джонс пен Люси Боултонды 21:19, 24:22 есебімен ұтқан болатын. Алайда екінші сында нидерландиялық Марлоэс Веселинк пен Мадлен Мепелинкке (18:21, 23:21, 7:15) есебімен есе жіберіп, жарыстың негізгі кестесіне өте алмады. Ал Алексей мен Александр бүгін алғашқы сыннан-ақ сүрінді. Оларды ресейлік Дмитрий Барсук пен Алексей Ютлавин 20:22, 17:21 есебімен қапы қалдырды. Жарыс жеңімпазының есімі жексенбіде белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар