Масқара жағдай: Германия плей-оффқа өте алмады, ал Испания жеңіліс тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Масқара жағдай: Германия  плей-оффқа өте алмады, ал Испания жеңіліс тапты

Масқара жағдай: Германия плей-оффқа өте алмады, ал Испания жеңіліс тапты

Іріктеу мастары барысында Жапония мен Испания құрамалары футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

  • 2 Желтоқсан 2022
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Футболдан әлем чемпионатының Е тобындағы жолдама үшін ойндар өте тартысты әрі соңғы сәтке дейін күмәнді болды. Жапония мен Испания, Коста-Рика мен Германия құрамаларының әр қайссының жолдама алуға мүмкіндігі болды. Себебі Испанияда 4, Жапония мен Коста-Рикада 3, Германияда бір ұпай бар еді.

Германия Коста-Риканы 4:2 есебімен ұтты. Бірақ бұл жеңіс Германияға бәрібір жолдама алуға мүмкіндік бермеді.

Себебі қатар өтіп жатқан кездесулердің нәтижесіне тәуелді болды. Ал Жапония құрамасы Испанияны 2:1 есебімен ұтып кетті.


Осылайша, алты ұпай жинаған Жапония топта бірінші орында. Испания төрт ұпаймен екінші орын иеленіп, плэй-офф кезеңіне шықты. Төрт ұпайы бар Германия гол айырмашылығы нашар болғандықтан, үшінші болып қалды. Ал Коста-Рика құрамасы үш ұпаймен соңғысы болды.

Соңғы жаңалықтар