”Мексида қиын болады”: Сарапшы Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегіне қатысты маңызды болжам жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Мексида қиын болады”: Сарапшы Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегіне қатысты маңызды болжам жасады

”Мексида қиын болады”: Сарапшы Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегіне қатысты маңызды болжам жасады

Спорт сарапшысы Исатай Мади аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың UFC-дегі әлеуетіне баға берді.

  • 17 Желтоқсан
  • 100
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Сарапшы Prommo Podcast YouTube арнасындағы подкастта Асудың еңбекқорлығы туралы айтты.

”Асу үзіліс алмайтын және ешқашан тоқтамайтын адам. Осы жылдың 1-ші наурызында Манель Капемен төбелесті. Келесі жылы да наурызда Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізбек. 1 жылда төрт жекпе-жек. Сонда орташа есеппен 3 айда бір рет төбелеседі. Барлығын мерзімінен бұрын ұтып жатқан жоқ, қатты бір харизмасы да жоқ шығар. Бірақ еңбекқорлықтың, табандылықтың арқасында осы дәрежеге жетіп отыр. Егер, ұтып жатса, жетінші жеңісі болады. UFC-дегі жеңісі бойынша Шавкатпен теңеседі. Бірақ, екі түрлі жол. Мен Шавкаттың жолы жеңіл деп тұрғаным жоқ. Тек титулдық айқастарға жол барлығында бірдей болады деген сөз емес. Ол неше түрлі жол болуы мүмкін. Асуда кедір-бұдыр, бірде сүрініп, бірде құлап, бірде тұратын жол. Маған негізі Асудың жолы қатты ұнайды. Таза еңбектің арқасында осы дәрежеге жеткенін факт ретінде мойындау керек. Үш ай сайын төбелесу дегеніміз ағза үшін өте қиын. Оның үстіне олардың үшеуі алдыңғы қатардағы боксшылар. Асуда Мексикада қиын болады”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, UFC-дің ең жеңіл салмағындағы қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев (22-3) келер жылдың 1-ші наурызында Мехикода мансабындағы ең маңызды жекпе-жектерінің бірін өткізеді.

Оның қарсыласы — UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесінде екі дүркін экс-чемпион, мексикалық Брэндон Морено (23-9-2). Бұл жекпе-жек екі спортшы үшін де аса маңызды. Алмабаев титулға таласуға лайық екенін нақты дәлелдеуі керек болса, Морено мансабындағы алғашқы мерзімінен бұрынғы жеңілістен кейін абыройын қалпына келтіру үшін барын салмақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера