Жарияланды: 40

Менеджер Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің форматы өзгеретінін айтты

Менеджер Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің форматы өзгеретінін айтты

Қазақстандық Монакода жұдырықтасады.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне Олимпиада чемпионының Монакодағы жекпе-жегінің форматы жайлы айтып берді.

Мұның алдында Matchroom промоутерлік компаниясы Елеусіновтің келесі қарсыласы никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО) болатынын ресми мәлімдеген.

"Даниярдың Монакодағы жекпе-жегі сегіз раундтық болады," - дейді Алиев кездесу форматы жайлы.

Айта кетейік, Елеусіновтің мұның алдындағы төрт жекпе-жегі алты раундтық ережемен өткен. Қазақстандық боксшы АҚШ пен Ұлыбританияда екі реттен жұдырықтасқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін