Жарияланды: 510

Меруерт Сүйлеменова кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

Меруерт Сүйлеменова кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

Ақмолалық спортшы қыз Меруерт Сүйлеменова кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды. 

Ирландияның астанасы Дублин қаласында өткен байрақты жарысқа әлемнің 39 елінен келген 700-ге жуық спортшы қатысты. Оның ішінде Қазақстан құрамасының сапында Ақмола облысы Астрахан ауданының жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің тәрбиеленушісі 18 жастағы Меруерт Сүйлеменова да болды. Жерлесіміз 68 келі салмаққа дейінгі қыздар арасында өткен жарыста жұлқа көтеру тәсілі бойынша жеңімпаз атанды. 

«Меруерт 24 келі кір тасын 131 рет көтерді», дейді жаттықтырушысы Бақтияр Жұмабеков.
Сонымен қатар, ол қыздың ұлттық құрама сапында болған жалғыз ақмолалық спортшы екенін атап өтті. 
Аталған додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есеп бойынша алдына ресейліктерды жіберіп, екінші орыннан көрінді. 
Қазіргі кезде, әлем чемпионы Семей қаласында өтетін Республика кубогіне дайындығын бастап кетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін