Жарияланды: 790

Месси "Алтын допты" 8-ші рет жеңіп алды

Месси "Алтын допты" 8-ші рет жеңіп алды

2023 жылғы "Алтын доп" иегері Лионель Месси болды.

 

Париждегі "Шатл" театрында өткен кеште аргентиналық футболшы мансабында 8-ші рет бұл марапатқа ие болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz -ке сілтеме жасап.

France Football таңдауы бойынша "Интер Майами" командасында ойнап жүрген шабуылшы ең көп дауысқа ие болған. Жеке рекордын жаңартып қана қоймай, MLS тарихында "Алтын доп" алған алғашқы футболшы атанды.
 

2022 жылы Месси Катарда өткен мундиальда Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанды. 2023 жылдың жазында "Интер Майамиге" ауысты. "Алтын допты" бұған дейін 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 жылдары да жеңіп алған болатын.

Дауыс беруде Мессиден кейінгі орынға Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити"), Килиан Мбаппе(ПСЖ) мен Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити") орналасқан.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін