Месси Аргентина құрамасынан кеткенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Месси Аргентина құрамасынан кеткенін мәлімдеді

Месси Аргентина құрамасынан кеткенін мәлімдеді

Атақты шабуылшы Лионель Месси Америка-2016 кубогының финалындағы жеңілісінен кейін Аргентина футбол құрамасындағы уақытының аяқталғандығы туралы мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

  • 27 Маусым 2016
  • 285
Фото - Caravan.kz

Жексенбі күні АҚШ-та өткен ақтық финалда аргентиналықтар Чили командасынан пенальти кезінде 2:4 есебімен жеңілді, ал Лионель Месси өзінің он бір метрлік жердегі соққысын жүзеге асыра алмай қалды.

«Мен үшін Аргентина құрамасында бәрі бітті. Бұл менің шешімім», — деді 29 жастағы форвард. 

17 жасынан бастап испандық «Барселона» командасының ойыншысы болып келген Лионель Месси — қазіргі таңдағы ең үздік футболшылардың бірі. Ол бес рет «Алтын доп» иегері атанды.


Соңғы жаңалықтар