Месси “Барселонаның” бапкері қызметін атқаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Месси “Барселонаның” бапкері қызметін атқаратын болды

Месси “Барселонаның” бапкері қызметін атқаратын болды

Бұл туралы Diario Gol басылымы хабарлайды.

Команда “Депортиводан” 1:2 есебімен ұтылғаннан кейін, басшылық пен жанкүйерлердің қолдауына ие аргентиналық ойыншы мадридтік “Реалды&rdquo

  • 15 Наурыз 2017
  • 679
Фото - Caravan.kz

Команда “Депортиводан” 1:2 есебімен ұтылғаннан кейін, басшылық пен жанкүйерлердің қолдауына ие аргентиналық ойыншы мадридтік “Реалды” басып озатын жоспар құрып шыққан. Оның ойынша басты бәсекелестерімен болатын бір ғана ойында жеңіске жету, олардың Испания чемпионатында алтынға қол созуына мүмкіндік береді.

Месси бұл ретте команда құрамы мен тактикасына басты жауапты бас бапкер Луис Энрикенің жұмысына көңілі толмайтынын байқатқан.

2 наурыз күні Энрике маусым біткен соң командадан кететінін айтқан еді. Оның басшылығымен команда екі мәрте Испания чемпионы атанып, екі рет ел кубогын ұтып алды. Сонымен қатар, 2015 жылы Чемпиондар Лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын ұтты.


Қазір “Барселона” 27 турдан кейін екінші орында келе жатыр. Команда қоржынында 60 ұпай бар. Көшбасшы “Реал” католониялықтардан екі ұпайға озып кеткен. Әрі олардың тағы бір ойналмаған матчы бар.

Соңғы жаңалықтар