Жарияланды: 500

Мигель Коттоның бапкері Головкиннің алдағы жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты

Мигель Коттоның бапкері Головкиннің алдағы жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты

Мигель Коттоның бапкері Фредди Роучтың пікірінше, Геннадий Головкин Давид Лемьені 17 қазанға жоспарланған кездесуде ойсырата жеңеді, деп хабарлады Sports.kz.

Роуч Геннадийді құрметтейтінін, алайда оның осал тұстарын анықтағанын айтты. Бапкердің пікірінше, Головкин мықты қарсыласпен әлі кездескен жоқ. Роучтың айтуынша, орта салмақтың мықтылары саусақпен санарлықтай.

«Головкин ауыр салмақтағы қарсыласпен жұдырықтасқанын қалаймын. Мен оның жекпе-жектерін көремін. Оның осал тұстарын байқап қалдым. Меніңше, Головкин Лемьені ойсырата жеңеді.

GGG - мықты боксшы. Әлемдегі ұлы күрескер деп айтуға болатынын не болмайтынын білмеймін. Ол тексерістен өтсе екен деймін. Котто мұны ұйымдастыра алар еді. Сонда ғана кімнің мықты екенін көретін едік. Ол (Головкин) шаршы алаңдағы жағдайды бақылай біледі. Онымен кездесу оңай бола қоймас»,- деді Роуч FightHub берген сұхбатында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін