Жарияланды: 430

Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко Президент Кубогінің жартылай финалына шықты

Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко Президент Кубогінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин АТР Челленджер сериясындағы «President's Cup» халықаралық теннис турнирінің жартылай финалына шықты,

деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясынан.  

Ширек финалдық ойында қазақстандық  украиналық Денис Молчановты 6:1, 2:6, 6:2 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, қазақстандық Дмитрий Попко да АТР Челленджер сериясындағы «President'sCup» теннис бәсекесінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Ширек финалда қазақстандық спортшы қытайлық Тайпейден келген Ти Ченді 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Енді турнирдің финалына жолдама алу үшін Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко күш сынасатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін