Михаил Рожков «Астана» футбол клубының 2012 жылғы ең үздік қорғаушысы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Михаил Рожков «Астана» футбол клубының 2012 жылғы ең үздік қорғаушысы

Михаил Рожков «Астана» футбол клубының 2012 жылғы ең үздік қорғаушысы

«Астана» футбол клубы сайтының жанкүйерлер арасында 2012 жылғы үздік қорғаушыға дауыс беру сауалнамасы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша 30,08 пайыз дауыс жинаған Михаил Рожков ең үздік деп танылды.

  • 14 Желтоқсан 2012
  • 263
Фото - Caravan.kz

Одан кейінгі орындарды команда капитаны Қайрат Нұрдәулетов (27,07 пайыз) пен Виктор Дмитриенко (23,68 пайыз) иеленді. Жалпы «Астананың» тас-қамал қорғаушысы қазір команда құрамында ойынға қатысу жағынан да М.Рожковтан кейінгі үшінші орында келе жатыр. Егер бұл тізімде 107 ойынмен көш бастап келе жатқан Марат Шахметовтың 2009 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқанын ескерсек, командаға одан 1 жыл кейін келген Михаил мен Қайрат үшін бұл үлкен жетістік. Әсіресе, команда капитаны Қ. Нұрдәулетовтің бұл маусымда көктемде алған жарақатынан кейін алаңға 23 сәуірде ғана оралғанын айта кеткен жөн шығар. Жарақатынан толық айықпай жатып, 22 сәуірде Қостанайдың «Тобыл» командасымен сырт алаңда болған ойында өз командасын алға сүйреген ол 37-ші минутта жарақатына байланысты өз орнын босатуға мәжбүр болған кезде таблодағы есепте 0:2 есебімен астаналықтар басым түсіп тұрған. Алайда тас-қамал қорғаушының жоқтығын пайдаланған қостанайлықтар одан кейін есепті теңестіріп қана қоймай, 3:2 есебімен жеңісті жұлып алып кеткен еді. Сондай-ақ Қазақстан кубогының ақтық сынында Павлодардың «Ертіс» командасымен болған маңызды ойында қарсыластар қақпасына жеңіс добын соққан осы Қ. Нұрдәулетов болды.