М.Кукушкин US Open турнирінің екінші айналымына шықты
![]() |
Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин US Open турнирінің екінші айналымына шықты. |
Әлемдік рейтингте 56-ыншы орында тұрған М.Кукушкин 97-інші сатыдағы Тайвань елінің үміті Лю Йен-Сунды жеңді. Есеп 6:3, 6:3 және 3:0 болған сәтте тайваньдық теннисші матчты әрі қарай жалғастырудан бас тартты.
Екінші айналымда М.Кукушкин австралиялық Мэттью Эбденді ұтқан болгариялық Григор Димитровпен кездеседі. Әрине, Г.Димитровтың әлдеқайда азулы қарсылас екендігі белгілі.
Көп ұзамай кортқа Қазақстанның тағы бір маңдайалды теннисшісі Зарина Дияс та шығады, ол словениялық Полона Херцохпен шеберлік байқасады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін