ММА шебері Бақтыгелдиновтің Ауғанстандағы жекпе-жегі өтпейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ММА шебері Бақтыгелдиновтің Ауғанстандағы жекпе-жегі өтпейтін болды

ММА шебері Бақтыгелдиновтің Ауғанстандағы жекпе-жегі өтпейтін болды

 

  • 27 Шiлде 2018
  • 13
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық ММА шебері Алтынбек Бақтыгелдиновтің Ауғанстандағы жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Қазақ жекпе-жек шебері UFC алаңында қашан өнер көрсетеді Бақтыгелдинов 27 шілдеде Кабулда «Fight Night Afghanistan» шоуында ауғандық балуан Рохуллах Мухаммадимен жекпе-жекке шығуы тиіс болған. Алайда, Алтынбек Кабулға ұша алмады. «Жекпе-жек өтпейтін болды. Бізге қате шақыру жіберген екен. Соның салдарынан, бізге виза берген жоқ. Біздің Мухаммадимен жекпе-жегіміз тамыз айының соңына ауыстырылатын шығар», — деді Алтынбек Бақтыгелдинов «SPORTINFORM» САА тілшісіне берген сұхбатында. Еске салайық, Алтынбек Бақтыгелдинов соңғы рет мамырда Германиядағы «Integra FC9» турниріне қатысып, неміс спортшысы Ойген Дэллді жеңді және жеңіл салмақтағы ұйымның чемпион белбеуіне ие болды.



 

Соңғы жаңалықтар