Жарияланды: 420

ММА-дан Еуропа чемпионатында Қазақстанға 1 күміс, 2 қола бұйырды

ММА-дан Еуропа чемпионатында Қазақстанға 1 күміс, 2 қола бұйырды

Болгарияда 2017 жылғы ММА спортынан ашық Еуропа чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы бұл додада 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Берік Шыналиев өзінің былтырғы нәтижесін қайталап, екі дүркін Еуропаның қола жүлдегері атанып отыр, деп хабарлайды Dodasport.kz. Одан бөлек тағы бір қола жүлдені Джохар Таймусханов иеленді.

Құдайберген Төлеубаев болса финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз ақтық сында Швед спортшысына есе жіберді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін