Мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан өткен республикалық турнир - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан өткен республикалық турнир

Мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан өткен республикалық турнир

Маусым айының басында Павлодарда жеңіл атлетикадан өткен «Спешиал Олимпикс» республикалық турнирінде облыс спортшылары 28 алтын медаль жеңіп алды,

  • 7 Маусым 2011
  • 570
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады білім басқармасынан.

Жарыстар 8 және одан жоғары жастағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың арасында өтті. Ертіс жағасындағы қалаға Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Жамбыл және Павлодар облыстарынан 120 спортшы жиналды.

Командалық эстафетада бірінші дивизионда Павлодар облыстық коррекциялық мектеп-интернатының балалары үздік нәтиже көрсетсе, Хмельницкий селосындағы №5 арнайы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері екінші орынды иеленді.

Әр дивизионның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар табыс етілді, 4 пен 8-ші орынның арасындағыларға — марапаттау ленталары тағылды. Және барлық қатысушыларға жарыстың бас серіктесі — «Kcell» компаниясының атынан спорттық киімдер, футболкалар және тәтті сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар