”Мықтылар турнирі”: Қарағандыда бокстан Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Мықтылар турнирі”: Қарағандыда бокстан Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтеді

”Мықтылар турнирі”: Қарағандыда бокстан Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтеді

22-28 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында әйелдер боксынан "Мықтылар турнирі" өтеді.

  • 11 Қыркүйек
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жарыс қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып табылады.

Турнирде 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг күш байқасады.

2006 жылғы қатысушылар бас бапкердің рұқсатымен ғана жарысқа жіберіледі.

Өтініштер 16 қыркүйекке дейін қабылданады.

Қазақстан бокс федерациясы аталмыш жарысты барынша ашық өткізу үшін тікелей көрсетілім, толыққанды ақпарат тарату және таза төрелік тұрғысынан қамтамасыз етеді.

Айта кетерлік жәйт, Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы бас киімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.