Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист өз ойын желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.
«Мынау нағыз екіжүзді…Осыдан бірер жыл бұрын қазақстандық тілшіге сұхбат берген кезде, «мен – қазақпын» деп еді. “Қазір менің ресейлік төлқұжатым жоқ. Менің Ресей теннис федерациясына да қатысым жоқ. Мен қазақпын, осы елдің атынан өнер көрсетіп келемін. Қазақстанның намысын қорғап жүргенімді мақтан тұтамын”, — деді Александр Бублик.
Енді ресейлік журналист жақындап еді, «мен – орыспынға» салыпты. «Қазір Қазақстан намысын қорғап жүрмін. Бірақ, мен орыспын. Сондықтан мені Петербург өзіне тартып тұрады. Жерлестерімді жақсы көремін. Кәсіпқой мансабымды аяқтағаннан кейін Санкт-Петербург қаласына қоныс аударамын» — деді Бублик…», — деп жазды журналист.