Наразылық шараларына қарамастан "Астана" Беларуське ұшуға дайындалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наразылық шараларына қарамастан "Астана" Беларуське ұшуға дайындалып жатыр

Наразылық шараларына қарамастан "Астана" Беларуське ұшуға дайындалып жатыр

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу үшін "Астана" футбол клубы Брестке ұшуға дайындалып жатыр.

  • 13 Тамыз 2020
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана" — "Динамо-Брест" арасындағы матч 18 тамызда өтеді. Алайда қазіргі таңда Беларусь қалаларында президент сайлауының нәтижесіне көңілі толмағандар наразылық акциясына шығып жатыр.

УЕФА-ның медицина протоколы бойынша кездесуге дейін команданың футболшылары ПЦР-тест тапсыруы керек.
 
"Коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестіні ертең немесе оның арғы күні (13-14 тамыз) тапсырамыз"
, — делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


18 тамызда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Астана" клубы беларусьтің "Динамо-Брест" командасымен кездеседі. Бұл ойында жеңіске жеткен команда 25 немесе 26 тамызда "Коннас Ки" (Уэльс) — "Сараево" (Босния и Герцеговина) кездесуіндегі жеңімпаз клубына қарсы ойнайды.

Егер бұл ойындарда "Астана" жеңіске жетсе, Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтеді. Ал жеңілген жағдайда Еуропа Лигасының екінші кезеңінде бағын сынайды.

Соңғы жаңалықтар