Назым Қызайбай әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назым Қызайбай әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Назым Қызайбай әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

  • 24 Мамыр 2016
  • 395
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық қыздар арасынан шыққан бірінші әлем чемпионы Назым 48 келі салмақта үндістандық Саржубалы Шамжетсабамнан 3:0 есебімен басым түсті. Осылайша ол ширек финалға жолдама алған 8 қазақстандық боксшының ішінен бірінші болып аталмыш әлем біріншілігінің жартылай финалына шықты.

Сондай-ақ бүгін Айжан Қожабекова (57 кг), Зарина Цолоева (64 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Ләззат Күңгейбаева (81 келіден жоғары), Дина Жоламан (54 кг), кешкі сессияда — Виолетта Князева (75 кг), Жайна Шекербекова (51 кг) рингке шығады.

Еске сала кетейік, әлем чемпионаты елордадағы «Барыс-Арена» сарайында өтіп жатыр. Оған әлемнің 67 елінен 285 былғары қолғап шебері келген еді. 19 мамырдан бері күн сайын екі сессия өтіп келеді. Бірінші сессия 14.00-де, екіншісі 19.00-де басталады. Жартылай финал өтетін күні (26 мамыр) және финалдық жекпе-жектер өтетін күні (27 мамыр) сессия 15:00-де басталады.

Бұл турнир біліктілік турнирі екендігін атап өткен жөн. Онда 51, 60, 75 келіге дейінгі салмақтарда барлығы 12 Олимпиада жолдамасы сарапқа салынады. Әр салмақ категориясына 4 жолдамадан бөлінген.


Соңғы жаңалықтар