”Не деген қарапайымдылық”: Қазақ боксшысы Баходир Жалоловқа риза болғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.83
  • 600.58
-8 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Не деген қарапайымдылық”: Қазақ боксшысы Баходир Жалоловқа риза болғанын айтты

”Не деген қарапайымдылық”: Қазақ боксшысы Баходир Жалоловқа риза болғанын айтты

IBA ұйымдастырған әлем чемпионатының қола жүлдегері Ертуған Зейнуллинов қазақ пен өзбек боксшыларының қарым-қатынасы туралы айтты.

  • 5 Қаңтар
  • 1143
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Боксшы Ақарыс Сейітқазыға берген сұхбатында Баходир Жалоловтың қарапайымдылығына куә болғанын айтты.

”Рингте бәріміз қарсыласпыз. Бірақ сыйластығымыз жақсы. Көрген кезде амандасып тұрамыз. Ташкентке оқу-жаттығу жиынына барған кезде екі дүркін Олимпиада чемпионы Жалоловтың үйіне бардық. Не деген қарапайымыдылық?! Сонша жағдайлары бар, бірақ бізді үйіне шақырып, қонақ қылып жатыр. Соған риза болдық”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол Ливерпульде өткен әлем чемпионатының ширек финалында Асадхуджа Муйдинходжаевпен өткен жекпе-жегі туралы да сөз қозғады.

”Оның Олимпиада чемпионы деген атағы жеңіп кетті. Төрешілер оның атағына көп көңіл бөлді, содан біз шетте қалып кеттік деп ойлаймын. Өйткені, біз бірінші раундта ұттық. Әр раундта бар күшімді салып отырдым. Екінші раундта есеп ашатындай соққыларым болса да 5:0 етіп, қарсыласқа беріп жіберді. Оның баллын алып тастайтындай жағдайлар болды. Қолымды ұстап алды. Оны төреші де көріп тұрды. Ол жағдай 2-3 рет қайталанғаннан кейін ескерту беріп, баллын алу керек еді. Бірақ ондай нәрселер жасамады. Ол Олимпиада чемпионы болғаннан кейін төрешілердің көзі тек соны көріп тұрды. Біз тыс қалып, төрешілерге ұтылдық. Сол әлем чемпионатында ұлттық құрамадағы 4 боксшының барлығы бір күнде өзбек боксшыларына жеңілдік. Ауыр болды”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, Ливерпульде өткен World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатының ширек финалында Ертуған Зейнуллинов пен Асадхуджа Муйдинходжаев арасындағы кездесу жанкүйерлер арасында қызу талқыланды. Жекпе-жек 2024 жылғы Олимпиада чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы Асахуджаның жеңісімен аяқталды. Бірақ, қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желілерде өз наразылықтарын білдіріп, бұл шешіммен келіспейтіндерін айтқан еді.