Неймар "Барселона" жанкүйерімен төбелесіп қала жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неймар "Барселона" жанкүйерімен төбелесіп қала жаздады

"Барселона" шабуылшысы Неймар клубтың жанкүйерлерімен төбелесіп қала жаздады. Бұл туралы Sport.es порталы хабарлайды

Оқиға "Барселона" клубына қарасты автотұрақтардың бірінде болған. Ер адам Неймардың намысына тиіп, "ПСЖ-ға" өту мүмкіндігін мін етіп айтқан. Неймар ер адамға жұдырық ала жүгірген, алайда, оны қасындағы достары ұстап қалған екен.

Мұның алдында Неймар коммерциялық шараларға қатысу үшін Шанхайға барғаны белгілі болды. Футболшы Қытайға жасаған сапарынан бүгін орал. Бірақ басылымның мәліметі бойынша, ол бүгінге жоспарланған команданың жаттығуына қатыспады. Тіпті Неймар әріптестерімен де қоштасып үлгерген екен.

Алдағы демалыста бразилиялық футболшы Парижге барып, келесі аптаның басында "ПСЖ" клубына ауысуы туралы келісімшартқа қол қояды деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, Неймардың франциялық клубқа өтуіне байланысты "ПСЖ" жетекшілігі Париж билігінен парад өткізуге рұқсат алған болатын.

  • 2 Тамыз 2017
  • 619
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар