Неймар «Барселонаны» сотқа бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неймар «Барселонаны» сотқа бермек

Неймар «Барселонаны» сотқа бермек

«Барселона» клубынан ПСЖ командасына ауысқан Неймар бұрынғы командасын сотқа бермек. Бұл туралы испандық БАҚ өкілдері хабарлап отыр.

  • 9 Тамыз 2017
  • 606
Фото - Caravan.kz

Неймардың дәл осындай әрекетке баруына «Барселона» клубының әкесінің алдындағы қарызды төлемеуі себеп болып отыр. Каталондық клуб Неймардың әкесіне ұлының келісімді ұзартқаны үшін 26 млн еуро төлеуі тиіс болатын. Алайда Неймар ПСЖ клубына ауысып кеткен соң «Барселона» бұл соманы төлеуден бас тартақан.

«Мен көк тиын ақша алғам жоқ. Не жасарымды да білмеймін. Қоқан лоққы көрсетпейтін шығармын. Сол себепті «Барселона» клубына сенуден қалдым. Ұлым өзге клубқа ауысқысы келгенде оны райынан қайтарғым да келмеді», — дейді Неймардың әкесі.


Соңғы жаңалықтар