Нұралы Әліпке «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тарап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұралы Әліпке «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тарап жатыр

Нұралы Әліпке «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тарап жатыр

«Зенит» және Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысы Нұралы Әліптің мүддесін қорғайтын Player Career Management агенттігі футболшыға «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытқаны туралы ақпаратқа жауап берді.

  • 9 Қаңтар
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әліп «Манчестер Юнайтедтің» назарына ілініп, клубтың скауттары Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Словения — Қазақстан (2:1) матчына 23 жастағы қорғаушының ойынын көруге келетіні жайлы хабар тараған.

«Агенттікке ешкім хабарласқан жоқ, қалғаны авторлардың өз еркінде. Ойыншы «Зенитке» тиесілі және қазір клубтың чемпионатта жеңіске жетуіне көмектесіп жатыр», — деді агенттік өкілі «СЭ» басылымына.

Әліп «Зенит» сапында 2022 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді, осы маусымда санкт-петербургтік команданың негізгі құрам ойыншысына айналды. Оның Ресей чемпионымен келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.