Нұрбақыт Теңізбаев Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесінен бас тартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрбақыт Теңізбаев Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесінен бас тартпақ

Нұрбақыт Теңізбаев Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесінен бас тартпақ

Осыған дейін грек-рим күресінің шебері Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылы өткен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атануы мүмкін екені хаба

  • 21 Қараша 2016
  • 2152
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін грек-рим күресінің шебері Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылы өткен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атануы мүмкін екені хабарланған болатын. Өйткені Халықаралық Олимпиада комитеті сол сайыста күміс жүлде алған Виталий Рагимовтың нәтижесін жоққа шығарған еді. Сондықтан Н.Теңізбаевтың қола медалі автоматты түрде күміске айналуы тиіс.

Әйтседе қазақ балуаны Нұрбақыт Теңізбаев Олимпиаданың оңай жолмен келейін деп тұрған күміс жүлдесінен бас тартып отыр. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Ол өзінің бұл оқиғаға қатысты ойын әлеуметтік желідегі жеке парақшасына да қалдырған.

Құрметті достар!
Пекин Олимпиадасы мен үшін спорттық карьерамның шыңы болды. Әрбір спортшы Олимпиада ойындарының жеңімпазы немесе жүлдегері болғысы келетіні анық. Спортта ұзақ уақыт жүріп, ешқашан жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүргенді қолдамайтынмын және қолдамаймын да. Қандай медаль болсын оны кілем үстінде жеңіп алғанды қолдаймын. Дәл сол күні, мені Әзірбайжан балуаны Виталий Рагимов ұтқан болатын, Виталийді талантты да мықты балуан ретінде танимын. Сол күні үшінші орын иелену менің маңдайыма жазылған болар, маған өзімнің ұтқан қола медалым аса қымбат. Күміс Виталийге және оның жанұясына тиесілі. Ол медальдың артында көптеген адамның еңбегі жатыр. Күміс сол еңбектің жемісі деп ойлаймын! Сіздердің жылы лебіз және қолдауларыңызға үлкен алғыс айтамын, деген өз жазбасында Теңізбаев.


Соңғы жаңалықтар