НВО комментаторы Головкинді айыптады: GGG мықты қарсыластардан қашып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НВО комментаторы Головкинді айыптады: GGG мықты қарсыластардан қашып жүр

НВО комментаторы Головкинді айыптады: GGG мықты қарсыластардан қашып жүр

НВО телеарнасының комментаторы әрі аналитигі Макс Келлерман қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге айып тақты, оның айтуынша GGG салмақты қарсыластардан қашып жүр, деп жазды Vesti.kz.

  • 22 Сәуiр 2018
  • 55
Фото - Caravan.kz

Келлерманның айтуынша, Головкин мықты қарсыластардан қашқақтап, Мартиросянмен жұдырықтасқалы жатыр.

"Қазіргі таңда жеңіліс көрмеген, қауіп төндірерлік дейтіндей, техникасы мықты боксшы Сергей Деревянченкомен жұдырықтасудың орнына Головкин Ванес Мартиросянмен рингке шығайын деп жатыр. Иә, ол бокс әлеміндегі белгілі боксшы, бірақ бірінші орташа салмақта ғана. Оның үстіне, ол екі жыл бойы жұдырықтасқан жоқ, сондықтан ол GGG үшін қиын қарсылас бола қоймас.

Головкиннің репутациясы "түсуі" мүмкін, себебі, көп жылдан бері боксшылардың басым бөлігі одан қашты. Ешбір жұлдыздың онымен жұдырықтасқысы келмеді. Күтпеген жерден оның өзі қашатындардың бірі болып қалды. Міндетті үміткермен жекпе-жек өткізудің орнына ол "жеңіл серуенді" таңдап отыр. Бәлкім, көпшіліктің назарын аудару үшін шығар. Ол олардың көз алдында жақсы болып көрінетін болады, тіпті Альвареспен екінші жекпе-жегіне дейін.

Мартиросян — жақсы боксшы, бірақ орта салмақта емес. Ол қазір аутсайдер. Бірақ бұл детальдардың барлығы ұмыт болады, егер Головкин жеңсе. Барлығы оның "Канеломен" рингке шығуын асыға күтетін болады. Әзірге оның беделі түсіп қалды", — деді Келлерман.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жек 5 мамырда Лос-Анджелестегі StubHub Center аренасында өтеді. Бұл арена 9 000 көрерменге арналған. Головкин 2014 жылы осы аренада мексикалық Антонио Рубиомен жұдырықтасып, екінші раундта оны нокаутқа түсірген болатын. Ал 5 мамырдағы Головкин — Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің минималдық құны — 53 доллар, ал максималдық құны — 767 доллар.


Кездесу жергілікті АҚШ уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Ал қазақстандықтар жекпе-жекті келесі күні, 6 мамырда таңғы уақытта көре алады. Бокс кешінің басты оқиғасы Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталады. Бірақ жекпе-жектің әзірше қазақстандық қай каналдардан көрсетілетіні белгісіз.
 

Соңғы жаңалықтар