”Ол бапкерлер енді өзгермейді”: Мұхит Амантаев бокстағы “тәкәппарлық” туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 502.6
  • 589.95
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ол бапкерлер енді өзгермейді”: Мұхит Амантаев бокстағы “тәкәппарлық” туралы айтты

”Ол бапкерлер енді өзгермейді”: Мұхит Амантаев бокстағы “тәкәппарлық” туралы айтты

Танымал бокс жаттықтырушысы Мұхит Амантаев егде жастағы әріптестері туралы өз ойын айтты.

  • 3 Наурыз
  • 4
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол ”Бірінші бол” арнасына берген сұхбатында Қазақстан чемпионын, Олимпиада жүлдегерлерін тәрбиелеген кейбір жаттықтырушыларда “тәкәппарлық” бар екенін айтты.

”Маған бір жаттықтырушы “Сен Қазақстан чемпионын, Олимпиада чемпионын шығардың ба” деді. Менің ойымша, бұл — тәкәппарлық. Мен ол кісілерге “Ағай, Алла нәсіп етсе, сіздің жолыңызды берсін, біз де чемпион шығарайық” деп айтамын. Бірақ өзім ешқашан ешкімге олай айтпаймын. Құдай мені сондай деңгейге жеткізсе, мен ешқашан ол кісілер сияқты сөйлемеймін. Оларда “мен” деген эго бар. Ол — жаман. Себебі, сен ондай кезде ешкімді тыңдамайсың, көрмейсің. Ал басқалардың пікірін тыңдай алу — өте керек нәрсе. Ол бапкер чемпион шығармаса да, оның пікірін ескеріп, тыңдау керек. Мысалы менің Мұхит Амантаев деген атым бар. Мен “өзім” деп жүрсем Алла осындай деңгейге жеткізбейтін еді. Қасымда жүрген жас жігіттердің, бапкерлердің, көмекшілерімнің барлығының пікірін, ойын тыңдаймын. Мен айтып отырған үлкен жастағы бапкерлер енді өзгермейді. Бір сөзбен айтқанда әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы болсаң да қарапайым бол. Атақ, билік уақытша. Ұлттық құраманың бас бапкері боласың ба, чемпионсың ба, бәрі өтеді де кетеді”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол спортшылардың басшылық қызметке тағайындалуын құптамайтынын да жасырмады.

”Басшылық қызметке оқыған, білімді адамдарды қою керек деп ойлаймын. Спортшыны бастық қылып қоймай тұрып, қарайпайым әдіскерден бастау керек. Үйрену үшін уақыт керек. Мен қазір 39-дамын. Көп нәрсені енді түсініп жатырмын. Сондықтан басшылық қызметке тәжірибе керек. Ол — үлкен жауапкершілік. Мықты спортшылар залдың ішінде жүрсе балалар соларға қарап еліктейтін еді. Ал бізде бәрін бастық, директор қылып қойған. Мен өзім жеке басым лауазымды қызметке бармаймын. Одан да мүмкіндік болса, басқа жағынан көмектесіп жүруге тырысамын”, — дейді Мұхит Амантаев.