“Оларда жаттығуға келмей қоя салу қалыпты жағдай”: Шетелде жұмыс істейтін қазақ бапкері араб боксшылары туралы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Оларда жаттығуға келмей қоя салу қалыпты жағдай”: Шетелде жұмыс істейтін қазақ бапкері араб боксшылары туралы бар шындықты айтты

“Оларда жаттығуға келмей қоя салу қалыпты жағдай”: Шетелде жұмыс істейтін қазақ бапкері араб боксшылары туралы бар шындықты айтты

Біріккен Араб Әмірліктерінде бокс жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін қазақстандық маман Жомарт Жорабай шетелге қалай кеткенін айтты. 

  • 30 Наурыз
  • 9
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Ол Ақарыс Сейітқазыға берген сұхбатында шетелдегі мансабы қалай басталғанын баяндап берді.

“Маған ешқандай шақырту келген жоқ. Таныстарым арқылы айтты. Сауд Арабиясында Джидда қаласында топтық жаттығу өткізгенімнен оларға ұнады. “Ертеңнен бастап бастай беріңіз” деді. Солай бәрі басталып кетті. 

Қазақ боксы несімен ерекшеленеді? Аяқта жақсы қозғаламыз. Өзбектер төбелеседі. Арабтардың стилі де осыған келеді. Мүлде аяқ қозғалмайды. Онымен сіз де бір орында тұрып жұдырықтассаңыз ұтылып қалуыңыз мүмкін. Ол жақта бапкерлер тапшы. Басқа спорт түрлерінен әлем чемпионы атанған мороккалық, алжирлік спортшылар бокстан да бапкер бола береді. Ол жерде барлық спорт үйірмесін қосып тастап, бір жаттықтырушы қояды. Оларда өзіндік мектеп те, техника да жоқ. Джиддаға барғанда менде “оларға пайдамды” тигізейін деген ниет болған жоқ. Күнкөріс ретінде қарадым. “Пайдамды тигізейін” деген түсінік кейіннен, Абу-Дабиге келгенде келді. Ортаға да байланысты екен. Өйткені, Абу-Дабиде нағыз білікті мамандар жұмыс істейтін бокс федерациясы бар. Солардың қасында есейдім. Джидда қаласында 6 ай жұмыс істедім. Кетуімнің басты себебі — адам аз. Жәй ғана фитнез болғаннан кейін адам аз келеді. Жеке жаттығу мүлде аз. Бокс жаттықтырушылар топтық жаттығуға қарағанда жеке жаттығудан көбірек ақша табады. “Бұл ақшаны Қазақстанда ойнап жүріп табамын ғой” дедім, — дейді ол. 

Ол қазіргі таңда Абу-Дабиде жұмыс істейтінін айтты.

”Абу-Дабиде ұлттық құрамадағы өзбекстандық Хасан Мұхаммед деген аға бапкердің штаттан тыс көмекшісімін. Ол кісі Өзбекстан азаматы, сол жақтағы дене шынықтыру академиясында 30 жыл сабақ берген, диссертация қорғаған. Өзі де боксшы болған, КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, мықты кісі. 2004-тен бері келісімшарт бойынша БАӘ қызмет етеді”, — дейді ол.

Жомарт Жорабай қазақ және араб боксшыларының айырмашылықтарына да тоқталды.

“Араб боксшыларында жаттығуға келмей қоя салу қалыпты жағдай. Тақалған кезде хабарласып айтады. Ұлттық құрама мүшелері де сондай. Біздің ұлттық құраманың жігіттері 1,2,3 нөмірге бөлінсе, оларда 1 нөмірдің өзінде іліп алар боксшы жоқ. Өйткені, бәсекелестік аз, федерация айлық бермейді. Федерациялары бар ма, бар. Жастарында ынта жоқ, хобби ретінле қарайды”, — дейді ол.