Осылайша Олимпиаданың қола медалі осы турнирде төртінші орын алған қазақстандық Ольга Рыпаковаға беріледі. Бұл оның Олимпиадалардағы үшінші медалі: 2012 жылы Рыпакова алтын медаль, ал 2016 жылғы Риода қола медаль жеңіп алған болатын.
Допинг-сынамаларды қайта тексеруде Деветцетидің ағзасында станозолол деген аноболикалық стероидынын барын көрсеткен. Айта кетейік, бұл препарат қазақстандық ауыратлеттерден де табылған еді. 2009 жылы грек спортшысы допинг-тексеруден өтуден бас тартып, екі жылға спорттан шеттетілгеннен кейін спортпен қош айтысқан.