Олимпиада чемпиондары мен өзбектер тұр: Әлемді таң қалдырған қазақ боксшыларын Белградта енді кімдер тоқтата алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада чемпиондары мен өзбектер тұр: Әлемді таң қалдырған қазақ боксшыларын Белградта енді кімдер тоқтата алады

Олимпиада чемпиондары мен өзбектер тұр: Әлемді таң қалдырған қазақ боксшыларын Белградта енді кімдер тоқтата алады

Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық 10 боксшы ширек финалға өтіп, рекорд орнатты. 

  • 2 Қараша 2021
  • 1702
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Қазір командалық есепте бірінші тұрған қазақтарды енді алдағы жекпе-жектерде кімдер тоқтата алуы мүмкін? Алдымен кімдермен кездесетінін анықтап алайық.

Белгілісі ендігі қарсыластар осал емес. Мәселен 2016 жылғы Олимпиада ойындарының екі жүлдегері әлем чемпионатының ширек финалында қазақ боксшыларымен күш сынасады.

Аталған олимпиада жеңімпаздары Сәкен Бибосынов пен Саматәлі Төлтаевқа тап келеді. Олар әлемдік және аймақтық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрінген колумбиялық Жуберхен Мартинес пен франциялық Софиан Умия.

Ал Теміртас Жүсіповты – соңғы Азия чемпионаттарының жеңімпазы өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедов күтіп тұр.

Құрама капитаны Абылайхан Жүсіповті де ауыр сынақ тосып тұр. Оған құрлықтық турнирлердің жүлдегері – моңғолиялық Чинзориг Баатарсух қарсы тұрады. 

Нұрқанат Раис ширек финалда Еуропа вице-чемпионы – италиялық Сальваторе Кавальяромен қолғап түйістіреді.

2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары қатысатын он салмақ дәрежесі және бүгнігі қарсыластары

48 келі: Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) — Нодиржон Мирзахмедов (Өзбекстан)

51 келі: Сәкен Бибосынов (Қазақстан) — Хуберхен Мартинес Ривас (Колумбия)

54 келі: Мишель Тринидад (Бразилия) — Махмуд Сабырхан (Қазақстан)

57 келі: Эдуард Савин (Ресей) — Серік Теміржанов (Қазақстан)

60 келі: Софиан Умиха (Франция) — Саматәлі Төлтаев (Қазақстан)

63,5 келі: Райс Линч (Шотландия) — Санатәлі Төлтаев (Қазақстан)

67 келі: Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) — Чинзориг Баатарсух (Моңғолия)

71 келі: Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) — Юрий Захареев (Украина)

75 келі: Нұрқанат Раис (Қазақстан) — Сальваторе Кавальяро (Италия)

80 келі: Владимир Мирончиков (Сербия) — Нұрбек Оралбай (Қазақстан)

Аталған 10 боксшы бүгін шаршы алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар