Олимпиада-2022: Алматыда қазіргі таңда қажетті спорт нысандарының 70% бар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада-2022: Алматыда қазіргі таңда қажетті спорт нысандарының 70% бар

Олимпиада-2022: Алматыда қазіргі таңда қажетті спорт нысандарының 70% бар

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Халықаралық олимпиада комитетінің 128-ші сессиясында Қазақстанның жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуы,

  • 30 Шiлде 2015
  • 462
Фото - Caravan.kz


сонымен қатар Алматы-2022 өтінімі негіздемесінің тезистері жайлы айтып берді, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен. 

Шаһар басшынысың айтуынша, Алматы 2014 жылы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім бергеннен бастап қала экономикасы 2 есеге өсті, 2014 жылы индекс 1,7%-ға өсті, 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында қала экономикасы 8%-ға өсті.
Сонымен қатар инфрақұрылым жақсарды, спорт пен мәдениет нысандары жетілдірілді. Қала басшысы Алматының Қазақстанның экономикалық орталығы болып табылатынын және республикалық бюджеттің басым бөлігін құрайтынын хабарлады, қаланың ЖІӨ әлемдік дағдарысқа қарамастан, біздің кейбір көрші мемлекеттерімізден асып түседі.
ХОК Комиссиясының мәліметтері бойынша, қазіргі таңда Алматыда қажетті спорт нысандарының 70% бар. Әкім қазір 2 спорт сарайы, спортшыларға арналған атлеттер ауылы салынып жатқанын, ал 2017 жылдың басына қарай Алматыда Олимпиада-2022 қажетті нысандардың 80% дайын болатынын хабарлады.
Бұған қоса 29 шілдеде А.Есімов Куала-Лумпурде ХОК мүшелерімен және ресми делегациямен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Олимпиада-2022 қабылдайтын қала ХОК мүшелері дауыс бергеннен кейін 31 шілдеде белгілі болады. 
30 шілде күні таңертең Алматы мен Бейжің қалаларының ашық тұсаукесерлері өткізілді.

Соңғы жаңалықтар