"Оқ қолыммен ұрмаймын". Қуат Хамитов өзін жұдырықтасуға шақырған NFC чемпионына жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оқ қолыммен ұрмаймын". Қуат Хамитов өзін жұдырықтасуға шақырған NFC чемпионына жауап берді

"Оқ қолыммен ұрмаймын". Қуат Хамитов өзін жұдырықтасуға шақырған NFC чемпионына жауап берді

 

  • 31 Қаңтар 2021
  • 150
Фото - Caravan.kz

Қуат "Найман" Хамитов (20-7-1) Фаниль Рафиковпен (19-4) жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Caravan.kz поратлы  Vesti.kz-ға сілтеме жасап.

Алматыда өткен NFC 28 турнирінің басты жекпе-жегінде Рафиков жергілікті Серікбай Ходжабаевты (9-4) жеңіп, ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы атанған болатын. Кейін ол Хамитовке жекпе-жекке шақырған еді. Хамитов бұған Іnstagram желісінде жауап берді.

"Мені жекпе-жекке шақырғанын естігенде, ол жігіттің кездесуін көріп, қатты таңғалдым, ол сондай нокауттан кейін қалай тірі қалған! Тірі қалса, жекпе-жекті қаласа, ұйымдастырушыларға айтарым, бұл менің карьерамдағы ең жеңіл кездесу болады. Жеңілдік жасауға да дайынмын, онымен күреспеймін, тіпті оң қолыммен мүлде ұрмауға уәде беремін! Қысқасы бұл жекпе-жек мен үшін ештеңе емес, алайда, олар мені қызықтыра алса, онда неге өткізбеске", — деді Хамитов.

Соңғы жаңалықтар