Жарияланды: 580

Оралда өрт-құтқару спортынан республикалық чемпионат өтуде

Орал қаласында өрт-құтқару спортынан жасөспірімдер арасында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің біріншілігі өтуде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш чемпионат Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа республика облыстары мен Астана, Алматыдан және Ресей Федерациясы ТЖМ №70 федеральдық өртке қарсы қызмет арнайы басқармасынан (Байқоңыр қаласы) барлығы 18 команда қатысуда. Біріншілік қорытындысына сәйкес ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін