Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш чемпионат Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Жарысқа республика облыстары мен Астана, Алматыдан және Ресей Федерациясы ТЖМ №70 федеральдық өртке қарсы қызмет арнайы басқармасынан (Байқоңыр қаласы) барлығы 18 команда қатысуда.
Біріншілік қорытындысына сәйкес ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталатын болады.