Жарияланды: 480

Оралда жас отбасылар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына және халықаралық жастар күніне орай Оралда жас отбасылар арасында волейболдан турнир өтті.

«БҚО ауыл жастары одағы» корпоративтік қорының төрағасы Ермек Мұхамбетқалиевтің айтуынша, сайыс мақсаты - жастар күнін жан-жақты өткізіп, жас отбасылардың бірлігі мен спортқа деген қызығушылығын арттыру. Ойыншылардың барлығы да - 18-35 жас аралығындағы отбасылы жандар. Жарыс қорытындысында Зашаған кенттік округі, Ақжайық ауданы және М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті командалары жүлделі орындарды еншілеп, арнайы дипломдармен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін