«БҚО ауыл жастары одағы» корпоративтік қорының төрағасы Ермек Мұхамбетқалиевтің айтуынша, сайыс мақсаты — жастар күнін жан-жақты өткізіп, жас отбасылардың бірлігі мен спортқа деген қызығушылығын арттыру. Ойыншылардың барлығы да — 18-35 жас аралығындағы отбасылы жандар.
Жарыс қорытындысында Зашаған кенттік округі, Ақжайық ауданы және М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті командалары жүлделі орындарды еншілеп, арнайы дипломдармен марапатталды.