Жарияланды: 360

Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында «Локомотивтен» жеңіліп қалды

22 желтоқсан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лига командалары арасындағы кезекті турда

Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Орынбордың «Локомотивін» қабылдады. «Локомотив» - екінші топта жекедара көш бастап келе жатқан үздік команда. Олар мықтылығын бұл ойында да мойындатты. Қонақтар (Денис Нохрин) 3-минутта-ақ есеп ашса, 27-минутта Владимир Глушак 2:0-ге жеткізді. «Ақжайықтан» Дмитрий Кармак 44-минутта есепті қысқартқанымен, екінші таймда «Локомотивтен» Дмитрий Артоменко (77-минут) мен Николай Семяшкин (89-минут) мергендік танытты. Сөйтіп 4:1 есебімен орынборлықтар үш ұпайды олжалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін