Жарияланды: 370

Оралдың «Ақжайығы» тағы да 2:1 есебімен жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» кеше өз алаңында елорданың «Астана» командасын қабылдады.

Тартысты өткен кездесу 2:1 есебімен «Ақжайықтың» жеңісімен аяқталды. Алаң иелерінен Эльдар Абдрахманов қақпаны дәл көздесе, Айбек Ғұбайдуллин пенальтиден мүлт кетпеді. Мұның алдындағы ойында «Ақжайық» дәл осындай есеппен «Ақтөбе-Жас» командасын ұтқан болатын. Онда оралдықтардан Николай Забродин мен командаға биыл қосылған жас ойыншы Ізім Сәрсекенов мергендік танытқан еді. Енді «Ақжайық» 6 маусымда алдыңғы лекте келе жатқан тағы бір команда Теміртаудың «Болатын» қабылдайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть