Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

Бүгін, 10 сәуірден бокстан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында финалдық жекпе-жектер басталды.

  • 10 Сәуiр
  • 6
Фото: ҚБФ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында үндістандық Сачин Сачинмен кездесті.

Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші үшминуттықта Оразбек Асылқұлов жүйелі жұмыс істеп, 3:2 есебімен жеңді.

Ал шешуші раундта Оразбек Асылқұлов шабуылда белсенді болып, нәтижелі соққылар жасай білді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

Осылайша Оразбек Асылқұлов ұлттық құрама қоржынына алтын медальді салды.