Жарияланды: 60

Өзбекстандық боксшы қазақстандық нокаутермен жұдырықтасудан бас тартты

Өзбекстандық боксшы қазақстандық нокаутермен жұдырықтасудан бас тартты

Жан Кособуцкий кәсіпқой бокста төрт рет шаршы алаңға шығып, төртеуінде де мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (4-0, 4 КО) өзбекстандық қарсыласы 25 мамырда Беларусьте өтетін бокс кешіне қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

29 жастағы Кособуцкий 28 жастағы Муродбек Азимовпен (9-8-1, 3 КО) шаршы алаңға шығуы тиіс болатын, алайда өзбекстандық боксшы бұл ұсыныстан бас тартты. Оның орнына 25 жастағы Гогита Горгиладзе (38-24, 32 КО) ұсынылды.

Айта кетейік, Кособуцкий мен Горгиладзенің жекпе-жегі 25 мамырда Минск қаласында өтеді. Сондай-ақ, осы бокс кешінде тағы 11 жұп өнер көрсетеді.

Кособуцкий кәсіпқой бокста төрт рет шаршы алаңға шығып, төртеуінде де мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол кәсіпқой боксқа өткен жылдың қыркүйегінде келді. Осыған дейін ол украиналық Максим Педюрамен жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Оқи отырыңыз:

Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзовамен болған кикілжеңнен кейін қиыншылыққа тап болған

Әбдіжаппар Әлқожа: Мен Қайрат сияқты әйелімді, балаларымды елге әшкере қылмаймын
Павлодарда 5,5 миллион теңгеге салынған дәретхана жұмыс істемей тұр
 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть